«Salus Index 2015» марапаттауы

Грециядағы «Медокеми» компаниясының кеңсесі тағы бір мәрте дженериктерді өндіретін ең жылдам өсіп жатқан компаниялардың біріне айналды. 

Грециядағы «Медокеми» компаниясының кеңсесі 2015 жылғы жұмысы үшін бизнесті жетілдіру саласында «Salus Index 2015» марапатын алған компаниялардың бірі болып табылады. Марапаттау шарасы Афиналардағы «Рэдиссон Блю Парк Хоутел» отелінде өткен жұмада өтті және оны «Stat Bank» басылымы ұйымдастырды, Грециядағы «Медокеми» компаниясының кеңсесінің бас менеджері Антонис Эфморфиадес мырза «Медокеми» компаниясының атынан марапатталды.
 
Ол, сондай-ақ, Грециядағы «Медокеми» компаниясының кеңсесінің соңғы 4 жылдағы жоғары көрсеткіштеріне компанияның құндылықтарына сәйкес әрекет ететін барлық қызметкерлердің арқасында қол жеткізілгендігін атап өтті, компанияның құндылықтары: үдеріске қатыстырылу, адамдарды тарту, ең жақсы қызметкерлерді дамыту және ұстап қалу, сапа үшін зиянсыз икемділік, өз жұмысын пациенттердің хал-жағдайларын жақсартуға арнау, кәсіпқойлық және бүтіндік.
 
Экономикалық дағдарыс бизнеске теріс әсер етуді жалғастырып жатыр, алайда денсаулық сақтау және сұлулық саласындағы кейбір компаниялар грек бизнесінде тамаша өнімділікке қол жеткізді. Бизнесті жетілдіру саласындағы «Salus Index 2015» марапаты бұл жетістікті мойындайды. Мараптталған компаниялар: «ВИАНЕКС», «Фарматен», Грециядағы «Новартис» компаниясының кеңсесі, Грециядағы «Берингер Ингельхайм» компаниясының кеңсесі, Грециядағы «Фармасерв-Лилли» компаниясының кеңсесі, Грециядағы «Рош» компаниясының кеңсесі, «МСД», «Медокеми», «Санофи Авентис». Іс-шараға денсаулық сақтау саласының мамандары, саяси және бизнес-көшбасшылар, сонымен қатар баспа өкілдері қатысты 

Ο-κ-Αντωνης-Ευμορφιαδης-(20).JPG
DIO_5427.JPG
Ο-κ-Αντωνης-Ευμορφιαδης-(34).JPG